«Қазақстан-Бразилия» Сауда-өнеркәсіп палатасының қызметін кеңейту туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиа, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов «Қазақстан-Бразилия» Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Касиано Перейра Вианамен кездесті.

Кездесу барысында, тараптар, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ бразилиялық және қазақстандық компаниялардың Қазақстан мен Бразилиядағы ағымдағы жобаларын талқылады. Касиано Виана өз кезегінде, Елшіге СӨП-тің директорлар кеңесі мен атқарушы комитетінің құрылуы туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, Қазақстан тарапынан СӨП тең төрағасы болып, «Semurg Invest» компаниясының Бизнесті дамыту жөніндегі директоры Мәдина Әнет және Атқарушы директоры болып, «Алатау» компаниясының директоры Азамат Асқарұлы сайланды.

Сонымен қатар, директорлар кеңесіне келесі компаниялардың өкілдері енді: «Athino Advisor» консалтингтік компаниясының басшысы Густаво Пименто Сардиния, «WEG» компаниясының Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Сергей Мущенко, Парана штатындағы Құрметті консулға кандидат Педро Демори.

«Қазақстан-Бразилия» Сауда-өнеркәсіп палатасы жеке коммерциялық бастама ретінде 2016 жылғы қарашада ҚР-дың Бразилиядағы Елшілігі мен «Pereira Viana» заң фирмасы арасында қол қойылған Меморандум негізінде құрылған.

СӨП екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі бірқатар компаниялар мен жеке тұлғаларды біріктіреді. Ұйым, Бразилияның жетекші экономикалық дамыған мемлекеттерінде өңірлік сауда мен өнеркәсіп палаталарын құру арқылы өз қызмет аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ү.ж. 28 сәуірде Рио-де-Жанейро қаласында «Қазақстан-Рио-де-Жанейро штаты» СӨП-тің платформасын құру туралы Меморандумға қол қойылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/996882?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді