
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балалардың қауіпсіздігі – басты мақсат!» республикалық акциясы аясында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты «Халық қаһарманы» М.Айманов атындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде мектеп оқушыларына арналған экскурсия өтті.
«Арай Elite» мектеп-гимназиясының 25 оқушысы бөлімнің арнайы техникасымен және жабдықтарымен танысып, өрт сөндіру бөлімінің мұражайында болып, Төтенше жағдайлар департаментінің тарихы мен өрт сөндірушілердің ерліктері жайлы мағлұматтар алды.
Іс-шараның мақсаты – балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру және құтқарушы мамандығына қызығушылықтарын ояту. Оқушылар мамандарға көкейдегі сауалдарын қойып, жауынгерлік киімді киіп көріп, өрт сөндіру техникаларының жанында естелікке суретке түсті.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/997325?lang=kk
Жауап қалдыру