Таразда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 180 жыл толып отыр. Оның өлеңдері мен қара сөздері қазақ әдебиетінің алтын қорына енген. Абайдың шығармашылығы мен мол мұрасы тек қазақ халқына ғана тиесілі емес, әлемдік деңгейдегі мәдениет үшін де маңызы зор. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен сәйкес келетін ақынның адамгершілік қағидаттары өскелең ұрпақтың рухани дамуына зор үлесін қосуда.

 

2025 жылғы 16 мамырда Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай оқулары» облыстық байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты – колледж студенттерінің классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру. Абай шығармашылығындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Іс-шара барысында көрермендер колледждің фойесінде ұйымдастырылған «Абай аулына саяхат» деп аталатын Абайдың өмір сүрген кезеңіндегі ауылдың тұрмыс-тіршілігімен, тұрмыста қолданған құрал-жабдықтармен танысты.

Байқау арнайы дайындалған театрландырылған көрініспен ашылып, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім әнді ұғады», «Абай – ұлы суреткер» тақырыптарымен 3 номинация бойынша өткізілді.

Байқауға 56 үміткер қатысып, әр номинация бойынша өлеңді жаңылмай, мүдірмей жатқа оқу, дауыс мәнері мен тіл тазалығы, көркемдік безендіру, сахна мәдениеті бойынша сынға түсті.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/997536?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді