«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Торғай ауылында плоггинг өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 мамырда  “Жангелдин ауданы Ішкі саясат бөлімі “ММ “Жастар ресурстық орталығы “КММ  ұйымдастыруымен  “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Торғай ауылында плоггинг шарасы өткізілді.  Аталған іс-шараға ауданның белсенді жастары мен ерікті азаматтары белсене қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. ұйымдастырылған іс шара ауыл кіре берісінде өткізілді.

Плоггинг — бұл жүгіру мен қоқыс жинауды ұштастыратын экологиялық бастама. Қатысушылар таза ауада серуендей жүріп, аудан аумағындағы көшелер қоқыстан тазартты.

Шараның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара соңында қатысушыларға, марапат қағаздары табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/996577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді