ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Спорт — денсаулық кепілі ғана емес, сонымен қатар достық пен ынтымақтың, тәртіп пен табандылықтың жарқын көрінісі.
Осы орайда бүгін ауданымызда ҚР Үкіметінің 2024 жылы 30 желтоқсандағы қаулысы негізінде Жұмысшы мамандықтар жылы жоспары аясында Түркістан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері мен қызметкерлері арасында өткізілетін облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.
Спартакиаданың негізгі мақсаты – ұжым ішіндегі бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ерекше шара болып табылады.
Ауқымды іс-шараның ашылу салтанатында Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы мен Түркістан облысы білім басқармасының өкілі Досболған Бекбол құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Үш күнге созылатын спорттық жарысқа Түркістан облысының түкпір-түкпірінен келген 49 команда қатысады. Олар алдағы 3 күнде спорттың 7 түрінен, атап айтқанда, шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, арқан тарту, баскетбол, асық ату, бес асықтан бақтарын сынайтын болады.
Кіл жүйріктер арасында жеңімпаз атанған командалар ағымдағы жылдың 2-7 маусым күндері аралығында Алматы қаласында өтетін Республикалық кезеңге жолдама алатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/997428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді