
Аталған мәселе ҚР БП Ақмола облысы бойынша Құқықтық статистика және құқықтық есепке алу департаменті өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңес барысында талқыланды.
Іс-шараға Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері қатысты, онда шақырылған мамандар Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі ережелерін, әкімшілік рәсімді жүргізу тәртібін және т.б. түсіндірді. Сондай-ақ, семинар-кеңес барысында жеке құрам Департамент атына келіп түскен өтініштерді қарау тәртібіндегі проблемалық мәселелерді айтты, оларға осы мәселе бойынша тиісті түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.
Ақмола облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/997365?lang=kk

Жауап қалдыру