
Астана қаласы Әділет Департаментінің Әкімшілік бөлімінің бас маманы Касенова З. «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында жоғарғы оқу орын студенттеріне дәріс өткізілді.
Іс-шарада әйелдердің құқықтары мен гендерлік теңдік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың зияны мен онымен күресу жолдары басты тақырып ретінде қаралды.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» тақырыбында арнайы бөлім өтіп, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оның алдын алу жолдары мен құқықтық жауапкершілік жайында ақпарат берілді.
«Тәртіпті өзіңнен баста» идеясы – әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтегенде ғана қоғамда әділет пен тәртіп орнайтынын ұғындырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-astana/press/news/details/996804?lang=kk

Жауап қалдыру