Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
- 1) кірістер – 29 089 мың теңге:
салықтық түсімдер – 5 177 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 171 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 23 741 мың теңге;
2) шығындар – 29 089 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
- 2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен құрастырылады деп белгіленсін:
ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;
ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;
ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;
бірыңғай жер салығынан;
тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан.
- Ауылдық округ бюджетінің кірістері келесі салықтық емес түсімдер есебінен құрастырылады деп белгіленсін:
ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдардан;
жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынан;
ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістерден:
ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістерден;
ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістерден;
ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдерден.
- Ауылдық округ бюджетінен бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мыналар болып табылады:
ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақшадан;
жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақыдан.
- 2025 жылға арналған ауылдық округтің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін 23 710 мың теңге сомасында субвенция бюджетте ескерілсін.
- 2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде:
1) бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға.
Республикалық бюджеттен көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.
- Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-mirnyi/press/news/details/996266?lang=kk

Жауап қалдыру