
Ұлытау облысының №6 Талап ауылдық кітапхана филиалында Аналар күніне орай “Батыр ана — бақытты әйел” атты кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға ауылымыздың көпбалалы аналары қатысып, өз өмір жолдары, еңбектері мен бала тәрбиесі туралы әсерлі әңгімелерін ортаға салды.
Кездесу барысында кітапхана қорындағы “Отбасы хрестоматиясы” сериясымен жарық көрген қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тиымдары жайлы кітаптар таныстырылды.
Мерекелік кеште аналарға арналған жүрекжарды өлеңдер оқылып, оларға деген шынайы құрмет пен ыстық ықылас білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-ishki-sayasat/press/news/details/994963?lang=kk

Жауап қалдыру