Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 мамырда Оразалинов Нұрлан Зарлықұлының төрағалығымен Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жітіқара аудандық мәслихатының кезекті X-сессиясы өтті.

Күн тәртібінде 2024 жылғы Жітіқара ауданы аудандық бюджетінің, Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы бюджетінің, Жітіқара ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы бойынша мәселелер қаралды.

Мәселелер бойынша баяндамалармен Жітіқара ауданының әкімі Аслан Амантайұлы Жаныспаев, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Наталья Васильевна Томилина, бюджеттік комиссияның төрағасы Айбол Рахымғалиұлы Смағұлов, сондай – ақ Жітіқара ауданының қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдері шықты.   

          Бұл мәселе ағымдағы жылдың 12 мамырында Смағұлов Айбол Рахымғалиұлының төрағалығымен өткен екі тұрақты комиссияның бірлескен отырысында алдын ала талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/996222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді