
Мемлекеттік кірістер комитеті «Бәйге» атты жаңа акцияның өткізілетінін хабарлайды. Аталған акция аясында белгіленген кезеңде ең көп фискалдық чекті тіркеген жеке тұлғаларға 100 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Акция 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін бүкіл ел бойынша өткізіледі.
Акция тоқсан сайын өткізіледі:
1-кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін;
2-кезең: үшінші тоқсанда;
3-кезең: төртінші тоқсанда.
Аталған акцияға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге төленген чектерді тіркеу қажет.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау-кассалық машиналардан берілетін чектерді талап етуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/996008?lang=kk

Жауап қалдыру