Департамент басшысы Қордай ауданында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент басшысы Шығыс аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жер қатынастары және мемлекеттік бюджеттен несиелеу бағытында ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген түйткілді мәселелер көтерілді.

Келіп түскен өтініштерді жан-жақты зерттеп, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып шешу мақсатында департаменттің Шығыс аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысына тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/995582?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді