
2025 жылғы 15 мамыр күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде қызметкерлердің мотивациялық серпінін арттыру мақсатында арнайы тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараға департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл К.К.Имангалиев төрағалық етті. Тренингті кәсіби эксперт-психолог, «ПАРАСАТ» интеллектуалды-авторлық дамыту орталығының негізін қалаушы, Халықаралық психологтар одағының мүшесі, «Құрметті менің аналарым» кітабының авторы, «JASA» әйелдер академиясының құрылтайшысы -Асемгүл Темірболатқызы жүргізді.
Тренинг барысында қатысушылар жұмыс мотивациясын арттырудың психологиялық әдістерімен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Спикер кәсіби әрі практикалық кеңестерімен бөлісіп, ұжымдық рухты нығайтуға бағытталған тиімді тәсілдер ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/996329?lang=kk

Жауап қалдыру