ЕСКЕРТПЕ ХАБАРЛАМА!!!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті ауылшаруашылық тауар өндірушілер және аудан тұрғындары!

2025 жылы ауа-райы және басқа да қолайсыз жағдайларға байланысты егін және мал шаруашылығына тікелей зақым келтіретін аса қауіпті шегіртке тектес зиянкестердің жаппай шығуы және таралу ықтималдығы жоғары.

  Ағымдағы жылдың мамыр, маусым, шілде айлары аралығында аудан аумағында аса қауіпті зиянды организм итальяндық прус, саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетінін  ХАБАРЛАЙМЫЗ!  

Осыған байланысты ауыл тұрғындарына, шаруалар мен омарташылардың назарына,

химиялық өңдеу жүргізілген жерлерде техникалық қауіпсіздік шараларын сақтауды, дәрі шашқан жерлерге 30 күнге дейін  мал бағуға, бал араларын өсіруге және демалуға болмайтындығын  ескертеміз!!!

 

Бүгінгі күнде аудан бойынша және барлық ауылдық округтерінде аса қауіпті  шегіртке тектес зиянды организмдерге қарсы күрес үшін құрылған штаб мүшелері жұмыс істейді.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерге сәйкес, шегірткенің шоғырланған жерлерін (кулигаларын) көрсеңіздер дереу тиісті әкімшіліктің ауылшаруашылығы бөліміне немесе төмендегі байланыс нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

БАЙЛАНЫС НӨМІРЛЕРІ:

 Талғар аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы –  Назира Дәулетқызы Дәулет – 8 (747) 896 – 19 – 92

 «РФДжБӘО» Талғар аудандық филиалының басшысы- Алибек Сралилович Тазабеков– 8 (777) 129 – 24- 43

Талғар ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы – Айменов Бақытжан – 8 (702) 320 – 29 – 00

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/995897?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді