
15 мамырда Қазақстанда Халықаралық отбасы күні аталып өтеді. Осы айтулы мерекеге орай елорданың мәдениет саласының өкілдері әлеуметтік желіде отбасы челленджіне қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Челлендж елордалық спортшылар мен мәдениет қайраткерлері арасында кең қолдау тапты. Акцияға Музыкалық жас көрермен театры, Астана циркі мен «Жастар» театры, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония қызметкерлері және Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясы қатысты.
Мұндай шаралар тек отбасылық дәстүрлерді нығайтуға ғана емес, сондай-ақ өзара көмек, қолдау мен құрмет секілді құндылықтарға негіз болатын отбасының қоғамдағы маңызды орнын көрсетеді.
Қазақстанда Халықаралық отбасы күні – адамдарды біріктіретін, отбасылық байланыстарды нығайтатын және жас ұрпақты құрмет, сүйіспеншілік пен өзара түсіністік рухында тәрбиелеуге ықпал ететін маңызды күнге айналып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/996477?lang=kk

Жауап қалдыру