
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі білім беру саласындағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Бүгін Департаментпен кезекті кеңес ұйымдастырылды, оған 200-ден астам білім беру мекемелерінің директорлары қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу мәселелері болды.
Биыл білім беру жүйесін дамытуға мемлекеттік бюджеттен 312 млрд теңге бөлінген.
Жиында Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы шеңберіндегі ұсыну қаралып, қала мектептері мен балабақшалар бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқыруының себептері мен мән-жайлары қатысушылардың назарына жеткізілді.
Негізінен жымқыру схемалары білім беру мекемелерінде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы ретінде қаражат аударумен, сондай-ақ бухгалтерлердің өздері мен басқа да қызметкерлерге жалақысын заңсыз көтерумен байланысты.
Сонымен қатар, әкімдікпен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша бірлескен жұмыс туралы хабарланды.
Осы бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасатын болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/995065?lang=kk
Жауап қалдыру