РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПРЕМЬЕРА САХНАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ұлы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Бақытгүл Бабаштың инсценировкалауындағы Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы»қойылымының тұсауы кесілді.
 
Премьера алды көрсетілімі мен баспасөз жиыны өтті. Зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында сұрақтар қойылып, бағасы берілді. Қоюшы режиссері «Құрмет» ордені және Махамбет сыйлығының иегері Мұқанғали Томанов осымен қара шаңыраққа төртінші рет қойылым сахналап жатқанын тілге тиек етіп, шығармашылық ұжымға алғысын жеткізді.
 
Рөлдерде театрдың белді әртістері ойнады. Театрдың «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі музыкамен көркемдеп, қойылым мазмұнын аша түсті. Қоюшы суретшісі – Қанат Шериев, жарық суретшісі – Жанболат Рсимбетов, хореограф – Жангүл Ерсұлтанова.
 
Қойылымның шыңы – Темірхаттың өз ағасы Әбілхаттың «ерлікпен қаза болған» хабарын оқып, әке-шешесіне жеткізе алмай, бәріне өзін кінәлі сезінгендей, өзенге батып кетуімен аяқталды. Бұл трагедиялық оқиға Жұмекеннің сөздері мен оның бала жүрегінің қиналысы арқылы көрініс тауып, көрермендерге терең ой салды.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/995657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді