Сәтбаев қаласында Ұлы Отан соғысының батыры, «Даңқ» орденінің толық иегері, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Үншібаев Жақсымбек Тілеуұлын еске алуға арналған қазақ күресінен Республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аталған турнирге 2010–2011 жылы туған кіші жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі жастар (Түйе палуан санатында) қатысты. Дода жас балуандардың шеберлігін шыңдап, ұлттық спорт түрі — қазақ күресін кеңінен насихаттауға бағытталған.
ТҮЙЕ ПАЛУАН және 500 000 теңге ақшалай жүлде иегері — жерлесіміз Ерасыл Нұғманды шын жүректен құттықтаймыз!
Жас палуанға алдағы жарыстарда сәттілік пен биік белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-satpaev/press/news/details/995978?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді