«Шахмат негіздері» курсы: білім мен логиканы ұштастыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🗓 2025 жылғы 12 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Қазақстан шахмат федерациясының «Білім берудегі шахмат» жобасының үйлестірушілері Динара Оспанова мен Камила Сейтказина, сондай-ақ Орал қаласындағы №37 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Алтын Жұмағалиевамен кездесу өткізді.

🤝 Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №576 қаулысын іске асыру аясында шахматты білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, 2025–2026 оқу жылында жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында «Шахмат негіздері» курсын енгізу жоспарланып отыр.

♟ Бұл курс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, стратегиялық жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, шахмат секцияларын кеңейту және мемлекеттік тапсырыс арқылы қолжетімділікті арттыру мәселелері де қарастырылды.

📚 «Шахмат негіздері» курсының оқу бағдарламасы оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/995593?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді