Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәciптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында «Асық ату» және «Бес тас» спорт түрлері бойынша облыстық спартакиада

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 15 мамырда  «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәciптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері  арасында «Асық ату» және «Бес тас» спорт түрлері бойынша облыстық спартакиада өтті.

Мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету.

Спартакиадаға облыстың 4 колледжінен 32 педагог қатысты.

Спартакиада нәтижесі Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының http://ctipo.kz/kz/ сайтында жарияланған.

Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды:

«Асық ату» спорт түрі бойынша:

І орын – «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК;

ІІ орын – «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ жоғары колледжі;

ІІІ орын – «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК.

«Бес тас» спорт түрі бойынша:

І орын – «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК;

ІІ орын – «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК;

ІІІ орын – «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ жоғары IT колледжі.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/996452?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді