
«Ұлы дала елі» орталығында «Еңсесі биік Ұлы Жеңіс» атты көрме мен мерекелік іс-шара өтті. Аталған шара Шымкент қалалық музейлер бірлестігіне қарасты «Ерлік» музейімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Көрмеге келген қонақтар Ұлы Отан соғысына қатысты тарихи жәдігерлермен танысып, ерлік пен отансүйгіштікке толы шежірелі кезеңдерге шолу жасады. Көрменің мақсаты – ел үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігін насихаттау және жастардың бойына патриоттық рухты сіңіру болды.
Мерекелік іс-шара көпшіліктің жүрегіне жол тауып, ерекше әсер қалдырды. Шараға ҚР Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің сарбаздары, қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы мен №26 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.
Іс-шара аясында жас буын Отан алдындағы борыш пен бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға мүмкіндік алды. Көркем өнерпаздардың қойылымдары, өлең жолдары мен әндер арқылы көрермендерге Жеңіс күнінің тарихи маңызы тереңінен жеткізілді. Шара соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар ел үшін жанын қиған батырларға тағзым етіп, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.
Айта кетейік, бұл тағылымды кездесу өскелең ұрпақ санасында елге, жерге деген сүйіспеншілікті терең орнықтыруға бағытталған маңызды бастама болмақ.
Түркістан облысы мәдениет басқармысының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/995646?lang=kk

Жауап қалдыру