
13-16 мамыр күндері аралығында Индустриалды-техникалық колледж базасында WorldSkills Shymkent-2025 қалалық чемпионаты ұйымдастырылуда.
Чемпионат келесі 5 құзыреттілік бойынша өтуде:
– Дәнекерлеу технологиялары
– Өндірістік механика және монтаждау
– Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктардағы токарлық жұмыстар
– Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктардағы фрезерлік жұмыстар
– Прототиптеу
Бұл сайыстар студенттердің кәсіби шеберліктерін шыңдап, өндірістік тәжірибемен ұштастыруға зор мүмкіндік береді.
Чемпионат жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, жас мамандарды қолдау және еңбек нарығына сай кадрлар даярлауға бағытталған.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/995060?lang=kk
Жауап қалдыру