ЖОБА – ІС ЖҮЗІНДЕ: “КІТАП TIME” аудандық марафоны өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыкемер мектеп-гимназиясында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Әулиеата – кітап оқитын өңір” жобасы аясында “Кітап TIME” аудандық марафоны өткізілді. Оған марафон талаптарына сәйкес, 14-35 жас аралығындағы жастар қамтылып, қатысушылар қазақ тіліндегі “Қаныш және Ғылыми майдан” кітабын оқу арқылы 100 сұрақтан құралған тестке жауап беру арқылы жеңімпазды анықтады. Аталған шара бойынша қатысуға жалпы саны 74 өтінім парағы келіп түсті.

Байқау қорытындысы бойынша, І орын иегері Абзалиева Перизат Өзбекстан Республикасына екі адамдық жолдама ұтып алса, ІІ орынмен мадақталған Көпбосын Амандық “Киндл” электронды кітабына ие болды. Ал, ІІІ орын Рейфжан Асылайға бұйырып, жеңімпаз “Планшет” ұтып алды. Сондай-ақ, ынталандыру мақсатында, бес қатысушыға “Кітап ал” дүкенінен ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/994967?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді