
Аудан прокуратурасы мен Ақмола облысы Полиция департаментінің жол-патрульдік полиция батальонымен бірлесіп, жол-көлік оқиғалары алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында рейд өткізді.
Іс-шара барысында жүргізушілердің жағдайы, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері, соның ішінде әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғы тексерілді. Әсіресе, көлік құралдарын мас күйінде басқару фактілерін анықтауға ерекше назар аударылды.
Мұндай рейдтер жолдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға және жүргізушілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс тұрақты түрде жалғасатын болады.
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/996005?lang=kk

Жауап қалдыру