
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында орталық арбатта «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді, оған 11 жұмыс беруші 53 бос жұмыс орнын ұсынды. Іс-шараға жұмыссыздар, NEET санатындағы жастар, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сондай-ақ қала мектептерінің түлектері қатысты. Қатысушылар келесі мәселелер бойынша кеңес алды:
* Жұмысқа орналасу;
* Алимент алу;
* Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру;
* Оқыту және қайта даярлау;
* Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көмек алу.
Enbek.kz порталының таныстырылымы:
* Mansap Kompasy бөліміне толық шолу.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің нәтижелері:
* 3 адам тұрақты жұмыс орнына жұмысберушімен сұхбатқа жіберілді;
* 1 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында сұхбатқа жіберілді;
* 3 адам кәсіби қайта даярлау курстарынан өтуге ниет білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/996319?lang=kk

Жауап қалдыру