Көкпекті ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкпекті аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы 2025 жылғы 19 мамырда сағат 11.00-де, аудандық әкімдік ғимаратында (Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 44 «а») өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10.00ден басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы;
  2. Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 «Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Әртүрлі.

Тұрақты комиссияның отырысы 2025 жылғы 19 мамырда сағат 9.00де аудандық әкімдік ғимаратында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kokpektimaslikhat/press/news/details/994699?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді