
Теміржол және әуе көлігі объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты арттыру мақсатында Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 166-НҚ бұйрығымен аталған саладағы нормативтік-құқықтық актілерге (НҚА) өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
2025 жылғы 15 сәуірде бөлімшелік басқармалардың басшылары үшін ZOOM форматында онлайн-кеңес ұйымдастырылды, онда құрылатын топтың міндеттері мен жұмыс жоспары талқыланды.
Жұмыс тобы 2025 жылғы 21-25 сәуір аралығында Астана қаласында отырыстар өткізді, оның барысында көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың өзекті мәселелері егжей-тегжейлі пысықталды. Жұмыс бағдарламасында келесі негізгі тақырыптар қарастырылды:
- жолаушылар және жүк тасымалы үшін санитариялық ережелерді жетілдіру;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды (СЭҚ) беру және қайта ресімдеу тәртібі;
- су төгетін құдықтарға және олардың санитариялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды әзірлеу;
- жолаушылар вагондарындағы сумен жабдықтау, микроклимат және гигиеналық жағдайлар бойынша нормаларды өзектендіру;
- қоршаған ортаны бақылау және көліктегі жұқпалы ауруларды тергеп-тексеру бойынша стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) әзірлеу.
Жұмыс нәтижесінде бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша нақты ұсыныстар жасалды, соның ішінде:
- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі санитариялық қағидалар;
- мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі;
- көлік объектілеріндегі сумен жабдықтауға және микроклиматқа қатысты санитариялық ережелер.
Жұмыс тобы дайындаған ұсыныстардың жиынтық кестесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұғымдар мен талаптарды нақтылауды да, практикалық нормаларды да қамтиды.
Бұл бастамалар көлік саласының қазіргі заманғы шындықтарына және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін неғұрлым ашық және тиімді нормативтік база құруға мүмкіндік береді.
Ұсыныстарды келісу және одан әрі бекіту жөніндегі жұмыс белгіленген тәртіппен жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/994572?lang=kk

Жауап қалдыру