ШҚО 12 мамырдан бастап репродуктивті денсаулық апталығына қатысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде білім беру, медицина және әлеуметтік мекемелер арасында тығыз байланыс орнатылған, бұл алдын алу және ағартушылық жұмыстарды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Тек соңғы жылдың ішінде: 1 256 ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізілді, 12 500-ден астам жасөспірім, ата-ана және педагог қамтылды, 12 800-ден астам ақпараттық материал таратылды, Жастар денсаулығы орталықтарына 15 295 өтініш тіркелді.

Ерекше назар мектеп оқушылары мен студенттерге бөлінген. 343 мектеп пен 38 колледжде ашық сабақтар, тренингтер, ашық есік күндері, ата-аналар жиналыстары және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Жалпы 105 мыңға жуық бала мен жасөспірім түрлі ағартушылық шараларға тартылды – дәрістерден бастап креативті акцияларға дейін.

Аймақта ерекше рөл атқаратын – БҰҰ Қорының Елдік өкілдігінің (ЮНФПА) қолдауымен Өскемен қаласында ашылған Y-PEER Kazakhstan жастар еріктілер желісі. Жастар көшбасшылық, гендер, ерте неке және салауатты өмір салты тақырыптарын зерттеп, кейін өз қатарластарымен білімдерін бөліседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/994342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді