ШҚО полицейлері қаланы көгалдандыруға үлес қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                                  ШҚО полицейлері қаланы көгалдандыруға үлес қосты

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қаланы көгалдандыру мен тазалық жұмыстарына арналған сенбілікке белсенді қатысып, қоғамдық орындардың көркеюіне өз үлестерін қосты.

Полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция полковнигі Алмаз Төкенов № 23 учаскелік полиция пунктінің жанында ағаш көшеттерін отырғызуға қатысты.
«Көгалдандыру – бұл болашаққа бағытталған қадам. Біз тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қоймай, жайлы әрі жасыл орта құруға да атсалысып келеміз», – деді ол.

Қаланың орталық бөлігінде өткен сенбілікке Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Руфат Қажымқановта қатысты.
«Қала тазалығы мен жасыл келбеті – баршамыз үшін маңызды. Біз әрбір тұрғын өзін жайлы сезінетін орта қалыптастырғымыз келеді», – деді ол өз сөзінде.

Сенбілікке барлық бөлімшелерден келген полиция қызметкерлері қатысты. Қала аумақтары қоқыстан тазартылып, жиектер әктеліп, ондаған ағаш пен бұта отырғызылды.

Бұл шара – полиция қызметінің тек құқықтық тәртіппен шектелмейтінін, қоғам мен табиғатқа деген жауапкершілікпен ұштасатынын айқын көрсетті.

                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/994785?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді