Жауынгерлік форма киген донорлық орындықтағы батырлар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Өскемен қаласының №7 өрт сөндіру бөлімінде Донор күні өтті. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері көмекке келіп, өмірлік маңызы бар науқастарға қан тапсырды. Донорлық акциясын “Шығыс Қазақстан қан орталығының” дәрігерлері ұйымдастырды.

Құтқарушылар қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесуге шын жүректен дайын, сондықтан жыл сайын осындай маңызды іс-шараларға қатысады.

Кейбір донорлар өтілі бар құтқарушылар арасында, ал басқалары бірінші рет тапсырады, алайда “Шығыс Қазақстан қан орталығы”мамандарының ұсынымдарына сәйкес бұған барлық жауапкершілікпен дайындалды.

Барлығы төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері  15 литр қан тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/994456?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді