2025 жылы жазғы сауықтыру науқанының дайындық барысы жөнінде облыстық семинар-кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы жазғы сауықтыру науқанының дайындық барысы жөнінде облыстық семинар-кеңес

2025 жылғы 20 мамырда «2025 жылы жазғы сауықтыру науқанының дайындық барысы туралы» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.

Кеңеске Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Полиция департаменті,  Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ  қала сыртындағы балалар лагерьлерінің директорлары мен қалалық және аудандық білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесу модераторы ретінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Қарлығаш Әнуарбекқызы Мурзажанова сөз сөйледі. Өз сөзінде ол балалардың сапалы және қауіпсіз жазғы демалысын қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық байланыстың маңыздылығын  атап өтті.

Күн тәртібіндемынадаймәселелер қамтылды:жазғыкезеңдебалалардыңсауықтырудемалысынжәнебос уақытын ұйымдастыру;балаларлагерьлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялықталаптар; өртке қарсықауіпсіздікшараларыжәнешомылумаусымынадайындық;кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардыңалдын алу; балалардықосымшабілім беру бағдарламаларына тарту; қала сыртындағылагерьлердедемалыстыұйымдастыруерекшеліктері.

Спикерлер ретінде бейінді ведомстволардың өкілдері сөз сөйледі:

Таженова Рагүл Жұмабайқызы – санитариялық-эпидемиологиялық талаптар жөнінде;

Жагпарова Ляззат Талғатбекқызы – өртке қарсы қауіпсіздік мәселелері жөнінде;

Сахратов Марат Абдухамитұлы – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша;

Исмурзинова Жанна Михайловна және Құсайынов Ғабит Сергеевич – қосымша білім беру ұйымдарында және қала сыртындағы лагерьлерде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері жөнінде.

Кездесу соңындалагерьлердеқауіпсіздікжәнесанитарлықнормалардықамтамасыз етуге, балалардыжазғыдемалыс түрлеріменқамтудыарттыруға, кәмелетке толмағандармен профилактикалықжұмыстыкүшейтуге, жазғыкезеңдеқосымшабілім беру бағдарламаларынкеңейтугебағытталғанұсынымдар әзірленді.

Қатысушылар тығыз ведомствоаралық ынтымақтастықты жалғастыру және жазғы сауықтыру науқанына дайындықтың тұрақты мониторингі қажеттігін атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1000824?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді