
Қонаев қаласының мәслихатаы барша мәдениет және өнер қызметкерлерін 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздердің шығармашылық ізденістеріңіз, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге қосып жүрген өлшеусіз үлестеріңіз бен ел руханиятына сіңіріп жүрген еңбектеріңіз қоғамымыз үшін аса маңызды. Мәдениет – ұлттың айнасы, ал сіздер – сол айнадағы нұр мен шұғыланың иесісіздер.
Қонаев қаласының мәслихаты атынан барлық мәдениет және өнер саласы өкілдеріне зор алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, денсаулық пен бақыт тілейміз. Өнерлеріңіз өрге бассын, еңбектеріңіз елене берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1000926?lang=kk
Жауап қалдыру