
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының Алматы қаласы бойынша өкілдігі Алмалы аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың жағдайы, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру және олардың жұмысқа орналасуына ықпал ету мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты. Талқылауға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, Алмалы аудандық сотының өкілі, «Алматы қаласы Еңбек ұтқырлығы орталығы» ММ директоры, Алмалы аудандық пробация қызметінің басшылығы, сонымен қатар жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы адамдардың негізгі құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/999768?lang=kk

Жауап қалдыру