Ертең облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар қосылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! 
 
2025 жылғы 22 мамырда сағат 09.00-де облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар қосылады. Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар Жетісу облысының ТЖД Сіздерге Төтенше жағдайлар орын алғанда жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
– радио және теледидарды қосыңыз;
– шұғыл хабарды тыңдаңыз;
– берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
– көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
– берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
 
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1000983?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді