МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР – ҰЛТТЫҢ АЙНАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке — халқымыздың рухани байлығын еселеп, ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген, өмірін өнерге арнаған жандарға деген қоғамның алғысы мен құрметінің белгісі. Өнер мен мәдениет — ұлттың айнасы, тарих пен тағылымның тұнығы. Ал осы саланы өркендетіп жүрген сіздер — ел руханиятының шырақшыларысыздар!
Сан ғасырлық тарихы бар халқымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтап, жаңғыртып, бүгінгі жас ұрпаққа жеткізіп жүрген еңбектеріңіз – нағыз ерлікке пара-пар. Театр мен музыка, би мен қолөнер, кітапхана мен музей қызметі – әрқайсысы қоғам өмірінде маңызды орын алады. Осы жолда тынымсыз тер төгіп жүрген сіздердің табандылықтарыңыз бен шығармашылық ізденістеріңізге алғыс білдіремін.
Мақтаарал ауданында да мәдениет пен өнерге ерекше көңіл бөлініп келеді. Аудандағы мәдени ошақтар мен өнер ұжымдарының дамуына, шығармашыл жастарды қолдауға барынша жағдай жасалуда. Бұл бағыттағы игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретініне сенімдімін.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ұлт руханиятын ұлықтау жолындағы қызметтеріңіз әрдайым ел ықыласына бөленіп, абырой мен құрметке толы болсын!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
 
Ізгі тілекпен,
Мақтаарал ауданының әкімі
Асанов Бақыт Насырханұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1000429?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді