ПРЕСС РЕЛИЗ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы 15 мамырда өткен отырысында мемлекет активтерін пайдалануға, жергілікті бюджет қаражатын жоспарлауға және орындауға, сондай-ақ Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органдары қызметінің экономиканы, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа салаларын дамыту  ықпалына  жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Аудитпен 12 объект қамтылды, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде тексерілген қаражат пен активтердің жалпы сомасы 166,9 млрд теңгеден асты.

Облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыруды талдау барысында Өскемен қаласы бойынша 2022-2024 жылдар кезеңінде жекелеген нысаналық индикаторларға қол жеткізілмегені анықталды: 2022 жылы  33 көрсеткіштің 6-сы (18,2%), 2023 жылы — 2 (6,1%), 2024 жылы жоспарланған 7 индикатордың 4-і (57,1%) орындалмаған.

Негізгі жүйелік проблемаларға мыналар жатқызылды: қаланы дамытудың бекітілген бағдарламалық құжатының болмауы; қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі тиісті шаралардың қабылданбауы; қолданыстағы заңнамада жергілікті органдардың өкілеттіктерін іске асыруды қиындататын құқықтық қайшылықтардың болуы; аудит объектілерінің лауазымды адамдарының сеніп тапсырылған жұмыс учаскелерінде өздерінің функционалдық міндеттерін орындамауы.

Негізгі қаржылық бұзушылықтар: орындалмаған жұмыстар бойынша актілерді негізсіз қабылдау, еңбекақыны артық төлеу, шарттық міндеттемелер бойынша қызметтерді көрсетпеу және бухгалтерлік есепті жүргізудегі бұзушылықтар болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар бойынша ақпарат әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы өз бетінше 8 материалды қарап, олар бойынша ҚР ӘҚБтК 234-1 бабы бойынша айыппұлдар салды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою және қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін ұсынымдар беріліп, нұсқамалар шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomvko/press/news/details/998537?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді