Қаратал ауданы әкімдігінің жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның 2025 жылдың қаңтар-сәуір айында атқарылған жұмыстары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаратал ауданы әкімдігінің жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның 2025 жылдың қаңтар-сәуір айында атқарылған жұмыстары туралы: 

2025 жылға бекітілген жоспарға сәйкес 8 жоспарлы және 4 жоспардан тыс отырыс өткізілді, аудандық полиция бөлімінен түскен 6 іс-құжаттар қарастырылып, қаулы және хаттамалары шығарылды. Барлығы комиссияның шешімімен:

  • 1 ай сынақ мерзімге – 1;
  • 3 ай сынақ мерзімге – 1;
  • Айыппұл ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-1 бабы бойынша жауапқа тартылды – 1;
  • Алкогольдік тәуелділіктен мәжбүрлі емделу – 2;
  • Талдықорған қаласының балаларды бейімдеу орталығына жеткізілген балалар саны – 4;
  • Ата-ана құқығын шектеу бойынша сотқа жолданған – 1 іс-құжат;
  • «Жанұя» отбасын қолдау орталығының психологымен психологиялық қолдау көрсету – 2;

Бүгінгі күнге аудан бойынша 6 сәтсіз отбасы тіркелген, ондағы кәмелетке толмаған бала саны 12. Мобильдік топ тарапынан жүйелі түрде рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-aitu-bi/press/news/details/1001775?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді