
2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтеді.
Бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.
Аталған науқан «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен басталады.
Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар, Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту шараларына қатыса алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1002070?lang=kk
Жауап қалдыру