
Денисовский район
Аудан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 жылғы 07 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Орджоникидзев ауданы ретінде құрылды. 1997 жылы 17 маусымда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Орджоникидзев ауданы Денисов ауданы болып өзгертілді. Денисов ауданы 12 ауылдық округтен тұрады, оның құрамында 25 ауыл бар. Аудан аумағының жалпы ауданы–6,8 мың км2. 2024 жылдың аяғында халық саны 15 744 адам, оның ішінде: қазақтар–4 165, орыстар – 5 528, украиндар – 2 638, немістер – 1 165, беларустар – 449, татарлар – 266, башқұрттар – 129, әзірбайжандар – 123 және басқалар. Халыққа медициналық көмекті “Денисовка РБ“ КМК көрсетеді аудандық аурухана ғимараты үш қабаттан тұрады. Аурухананың бірінші қабатында емхана, балалар бөлімі, екінші қабатта перзентхана, емхана, үшінші қабатта терапевтік және хирургиялық бөлім орналасқан. Амбулаториялық–емханалық көмек желімен ұсынылған: Аудандық аурухана–1 Дәрігерлік амбулаториялар–2 ФАП–2 Медициналық пункттер – 22 Мектепке дейінгі білім беру. Ауданда 3 балабақша, Денисовка, Перелески, 19 шағын орталық жұмыс істейді. Орта білім: білім беру мекемелерінің желісі 23 жалпы білім беретін мекемеден тұрады, оның ішінде орта мектептер – 12, негізгі мектептер – 7, бастауыш мектептер -4, 3 – қосымша білім беру ұйымдары балалар шығармашылығы үйі, Балалар музыка мектебі және “Солнечный“балалар сауықтыру лагері. Спортты дамыту: ауданда 54–жазықтық құрылыстар (спорт алаңдары), 2 – стадион, 2 спорт кешені, 28 – спорт залы, 3 кіріктірілген спорт залы, 5 – хоккей корты, 1 – балалар – жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87143721169 – “Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы“ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің “Денисов ауданының Мансап орталығы“филиалы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 87143422056
Ссылка на скачивание информации
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/999214?lang=kk

Жауап қалдыру