
2025 жылғы 30 мамырда сағат 17-00-де коворкинг орталығына Есіл қаласы Төле би 10 мекенжайы бойынша жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді.
Акция аясында заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар халыққа тегін заң көмегін көрсетеді, сонымен қатар жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарды қабылдайды.
Есіл ауданының барлық тілек білдірген азаматтарын қажетті заңгерлік кеңес алуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерінен өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсініктеме алуға шақырамыз.
Анықтама телефоны: 21642
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil/press/news/details/1000545?lang=kk
Жауап қалдыру