Құрық ауылындағы теңіз жағалауына жаңа айлақ салынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрық ауылындағы теңіз жағалауына жаңа айлақ салынды

Құрық ауылындағы теңіз жағалауына жаңа айлақ салынды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтың тапсырмасына сәйкес, заңсыз балық аулауды болдырмау және балықшылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында нақты шаралар қолға алынды. Айлақ салу «Ерсай» ЖШС-нің демеушілігімен жүзеге асты.

Аталған айлақ теңіз ресурстарын заңды әрі тиімді пайдалану, сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.

Бұл арқылы балықшыларға қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасалып, олардың жұмысын жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, жаңа айлақтың салынуы туризм саласына да оң әсер етіп, теңіз жағалауындағы демалыс пен су туризмінің дамуына жол ашады. Бұл өз кезегінде өңір экономикасының жандануына ықпал етпек.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1000826?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді