
Ақтау қаласының тұрғыны, зейнеткер Жалғас Ережепов көптен күткен баспанасына ие болды. Ол 2013 жылы қалалық әкімдікке тұрғын үй кезегіне тұрған болатын. Енді міне, араға 11 жыл салып, биыл қала әкімдігі оған су жаңа пәтердің кілтін табыстады.
Жалғас Ережепов – Құрық ауылының тумасы, 9 баласы бар жалғызбасты әке. Бүгінде 21 немеренің қызғын көріп отырған бақытты ата. Көпбалалы отбасы санатымен тұрғын үй кезегіне тұрған ол бұл күнді үлкен үмітпен күткен. Жаңа баспананың кілтін қолына алған сәтте жүрегі толқып, қуаныштан көз жасына ерік берді.
— Бұл мен үшін үлкен бақыт. Осынша жыл күткен арманыма жеттім. Қуанышымды сөзбен жеткізу қиын. Үй беру жөніндегі мемлекеттік қолдауға және Ақтау қаласының әкімдігіне шын жүректен алғысымды білдіремін. Қуанышымыз ұзағынан болсын, — деді Жалғас Ережепов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/998702?lang=kk

Жауап қалдыру