Салық берешегін өндіру және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша рейдттік іс-шаралар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидаты сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі жобасын іске асыру аясында Жамбыл ауданы прокуратурасы Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен қадағалау аумағында полиция бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік кірістер басқармасы, жеке сот орындаушылар және ауданның блогерлерімен бірлесіп ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында алимент төлемей жүргендер мен мемлекетке едәуір қарызы бар азаматтарға және көлік құралдарымен жол жүру ережелерінің сақталуына ерекше назар аударылды.

Іс-шара нәтижесінде ондаған тұлғалардың мемлекет алдындағы 2 млн теңге қарыздары өндірілді және жол жүру ережелерін бұзғаны үшін бірқатар әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары мұндай рейдтік іс-шараның мақсаты – заң бұзушылықтардың алдын алу болып табылатынын ескертеміз.

Құқықты білу – өзіңді қорғаудың алғашқы қадамы.

#Заң_мен_тәртіп

#ҚауіпсізҚоғам

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1001863?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді