
ТОҚСАНҒА ТОЛҒАН ЖАСЫ БАР…
Тойдың тағылымды да тарихи болатыны сирек қой.
Жымпитыда тұрған кезінде жүн , тері өңдеу мекемесінде , одан соңғы жылдары аудандық партия комитетінде ұзақ жылдар қызмет атқарған Жәмила Жақсығалиева әженің мерейлі 90 жасқа толды.
Бір айта кетерлік түйінді мәселенің бірі Жәмила әже кеңес заманында Ақжайық , Казталов , Жалпақтал өңірінде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған , Социалистік Еңбек Ері Кенжебек Меңдалиевтің қарындасы екендігін де айта кеткен жөн
Марқұм Кенжебек Меңдалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған шара мен ,, Кенжеқаң ,, атты кітаптың тұсаукесер шарасы аудан орталығында өткізілгендігі де көзі қарақты оқырмандардың естерінде болса керек
Бүгінде 90 жастың төріне шығып отырған Жәмила Жақсығалиева бала – келін , немере жиендер қвзығына кенеліп отырған бақытты әже
Осы айтулы шараға арнайы қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев мерейтой иесін құттықтап , аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Төлеповтың атынан жазылған құттықтау хатты , сый – сияпатты салтанатты түрде табыс етті
Сондай – ақ еңбек ардагері Жәмила Жақсығалиеваның өңіріне ардагерлердің басшысы Сырым ауданының ,, Құрметті ардагері , , төсбелгісін қадап , куәлігін тапсырды
М. ӘЛІБЕКҰЛЫ,
“Сырым елі”
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/998684?lang=kk

Жауап қалдыру