
ТҮРКІСТАНДА «ШЕКСІЗ ӨНЕР – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласындағы “Конгресс Холл” кешенінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Шексіз өнер – тең мүмкіндіктер әлемі» атты театрландырылған шара өтті. Жиын қала әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген. Іс-шара – мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды мәдени ортаға тарту арқылы қоғаммен тығыз байланысты нығайтуға бағытталған.
Аталған бастама Түркістан қаласының ерекше мәртебесіне сай инклюзивті қоғам қалыптастыру аясында қолға алынған. Бұл – әлеуметтік теңдікті насихаттап, ерекше жандардың әлеуетін көрсетуге арналған маңызды қадам. Іс-шара аясында Түркістан өңірінен жиналған балалардың қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы туындылар мен шығармашылық жұмыстар көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, 40-қа жуық баланың қатысуымен мюзикл жанрында театрландырылған финалдық қойылым сахналанды. Жобаның ерекшелігі – барлық қатысушылар кәсіби мамандардың жетекшілігімен дайындық процесінен өтті. Бұл олардың сахнада өз өнерін сенімді көрсетуіне және шығармашылық әлеуетін толық ашуына мүмкіндік берді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО МЕРОПРИЯТИЕ “ШЕКСІЗ ӨНЕР – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ”
Сегодня в комплексе “Конгресс Холл” города Туркестан состоялось театрализованное мероприятие для детей с ограниченными возможностями “Шексіз өнер – тең мүмкіндіктер әлемі”. Мероприятие организовано отделом занятости и социальных программ акимата города. Оно направлено на укрепление тесных связей с обществом через развитие творческих способностей детей с ограниченными возможностями и вовлечение их в культурную среду.
Данная инициатива реализуется в рамках формирования инклюзивного общества в соответствии с особым статусом города Туркестан. Это важный шаг к продвижению социального равенства и демонстрации потенциала уникальных людей. В рамках мероприятия была организована специальная выставка детских поделок из Туркестанской области, где были представлены произведения национального колорита и творческие работы.
Также, была поставлена театрализованная финальная постановка в жанре мюзикла с участием около 40 детей. Особенность проекта в том, что все участники прошли подготовительный процесс под руководством профессионалов. Это позволило им уверенно продемонстрировать свое искусство на сцене и полностью раскрыть свой творческий потенциал.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1000536?lang=kk
Жауап қалдыру