Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДА ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ «WOOSONG» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ
✔️Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде заманауи оқу орнын қалыптастыру, ұйымдастыру жұмыстары қарқынды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров осы мәселеге байланысты жиналыс өткізіп, халықаралық деңгейдегі университетті ашу бойынша қолға алынған жұмыстарды саралады.
📌– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасы аясында облыс орталығынан «Woosong» университетінің филиалын биыл ашамыз. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тұрақты қадағалап, оқу ордасын ашу ісін жоспарға сай жүргізіңіздер. Бұл – біздің жастарымыз үшін үлкен мүмкіндік. Білікті профессорлармен, материалдық-техникалық базамен, оқу құралдарымен қамтылуы назарда болсын. Жұмысты сапалы әрі уақтылы атқару қажет, – деген Нұралхан Көшеров жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
✔️Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Республикасының «WOOSONG» білім қоры арасында Түркістан қаласында «WOOSONG» университетінің ақпараттық технологиялар саласында Қазақстандағы университетін құру туралы келісім жасалып, 2024 жылдың 1 сәуірінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.
✔️2024 жылдың 1 шілдесінде «Түркістан қаласында әкімшілік ғимарат салу» инвестициялық жобасын іске асыру жөнінде бірлескен қызмет туралы келісім жасалды. Құрылысты аяқталу мерзімі – 2025 жылдың 15 маусымы. Ғимарат маусымның соңында тапсырылады деп жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 90% орындалған. Нысанда 130 адам жұмыс істеп жатыр.
✔️Филиалдың оқу бағдарламаларын анықтау, ҚР мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкестендіру, реестрге енгізу жұмыстары жүйеленуде. ІТ университеті 4 факультеттен тұрады және 2340 студентке дейін қабылдай алады деп күтіліп отыр. Студенттер «Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Төртінші дүниежүзілік ІТ өнеркәсіптік революция (ақылды зауыт)», «Мультимедиа және веб дизайн» факультеттеріне қабылданады. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан гранттар бөлу мәселесі бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда. Студенттер үшін жергілікті жеке кәсіпкер есебінен 600 орындық жатақхана құрылысы жүргізіліп, аяқталуға жақын.
✔️Айта кетейік, бұл бастаманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асыруда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____________
В ТУРКЕСТАНЕ ОТКРОЕТСЯ ФИЛИАЛ ЮЖНОКОРЕЙСКОГО УНИВЕРСИТЕТА WOOSONG
✔️В Туркестане строят филиал южнокорейского университета Woosong. Сегодня ведутся интенсивные работы по формированию современного учебного заведения. Аким области Нуралхан Кушеров провел совещание по данному вопросу и проанализировал проводимую работу по открытию университета международного уровня.
📌– В рамках поручения Президента страны Касым-Жомарта Токаева об открытии в Казахстане филиалов известных мировых университетов в этом году в Туркестане откроется филиал университета Woosong. Объект должен открыться по плану. Это большая возможность для нашей молодежи. На повестке дня – обеспеченность университета квалифицированными профессорами, материально-технической базой, учебными пособиями. Работа должна быть выполнена качественно и своевременно, – поручил Нуралхан Кушеров.
✔️Между акиматом Туркестанской области и образовательным фондом WOOSONG (Республика Корея) в Туркестане было заключено соглашение о создании филиала университета WOOSONG в области информационных технологий, и 1 апреля 2024 года был подписан меморандум о взаимном сотрудничестве.
✔️1 июля 2024 года заключено соглашение о совместной деятельности по реализации инвестиционного проекта «Строительство административного здания в городе Туркестане». Срок завершения строительства – 15 июня 2025 года. Здание планируется сдать в конце июня. В настоящее время строительные работы выполнены на 90%. На объекте работают 130 человек.
✔️Ведется работа по систематизации деятельности филиала по определению учебных программ, приведению в соответствие с требованиями государственного образовательного стандарта РК, внесению в реестр. Ожидается, что университет будет состоять из 4 факультетов и сможет принять до 2340 студентов. Студенты принимаются на факультеты “Искусственный интеллект и анализ больших данных”, “Программное обеспечение”, “Четвертая мировая промышленная революция”, “Мультимедиа и веб-дизайн”. Акиматом Туркестанской области проводится необходимая работа по вопросу выделения грантов. Для студентов ведется строительство общежития на 600 мест за счет местного индивидуального предпринимателя.
✔️Отметим, данная инициатива реализуется Министерством науки и высшего образования РК совместно с акиматом Туркестанской области.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1000513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді