
2025 жылдың 23 мамырында «Азаматтық қоғам 2.0: мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың инновациялық үлгілері – өңірлік дамудың драйвері» атты Жетісу облысының Азаматтық форумы өтеді.
Мақсаты:
Тәжірибе алмасу алаңын құру және азаматтық қоғамның дамуына ықпал ететін және өңірлік дамуды ынталандыратын мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықтың инновациялық стратегияларын әзірлеу.
Қатысушылар:
Мемлекеттік органдар мен басқармалар, департаменттер, өңірлік үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық кеңестердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғамдық белсенділер, жастар көшбасшылары және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстың делегаттары және т.б.
Өтетін күні: 2025 жылғы 23 мамыр
Форум бағдарламасында:
09:00 – Тіркеу, ашылу және секциялық отырыстар (Талдықорған қаласы, Салтанат Сарайы, «Бірлік» ықшам ауданы, 1А)
- «Азаматтық қоғамды дамыту және цифрлық инновациялар»
(ChatGPT және басқа технологиялардың әлеуметтік саладағы қолданылуы, цифрлық қатысу құралдары)
- «Мемлекет, бизнес және ҮЕҰ арасындағы тиімді әріптестік» (Әлеуметтік кәсіпкерлік, мемлекеттік-жекешелік әріптестік мысалдары)
- «Азаматтық белсенділік және жастарды тарту»
(Жастар қозғалыстары, еріктілік, медианың рөлі)
14:30 – Пленарлық отырыс (Талдықорған қаласы, «Атамекен» көрме кешені, «Бірлік» ықшам ауданы, 2А)
- Мемлекеттік органдар, депутаттар, ҚР МАМ, азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және ҮЕҰ өкілдерінің сөз сөйлеуі, ҮЕҰ жетістіктерінің көрмесі, деректі фильмнің көрсетілімі және форум жұмысы бойынша Коммюнике қабылдау.
Форумды ұйымдастырушылар:
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы, Жетісу облысының Азаматтық альянсы, «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі.
Байланыс үшін: 87071811179, 87013337721, 87017204721.
Ашық диалог пен ортақ шешімдерді дамытуға өз үлесін қосуға дайын барлық мүдделі тараптарды, салалық сарапшыларды, азаматтық қоғам өкілдері мен белсенділерді Форумға қатысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/999208?lang=kk

Жауап қалдыру