Жезқазған қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруге арналған жағдайлармен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Жезқазған қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруге арналған жағдайлармен танысты. Мектеп қабырғасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы жабдықталған инклюзивті кабинет пен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мектеп ішінде еркін қозғалуына мүмкіндік беретін заманауи лифт орнатылған.
🔹А.Б. Каримов бұл бастамаларды ерекше жоғары бағалап, инклюзия қағидаттарын енгізудегі жүйелі жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Ол білім беру мекемелеріндегі тең мүмкіндік тудыру бағытында жасалып жатқан игі істердің адам құқықтарын қорғау саласындағы маңызды қадам екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1000524?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді