
2025 жылғы 23 мамырында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – БДБ) қызметкерлеріне:
- Цифрлық қауіпсіздік және интернет – алаяқтық.
- Мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер.
- Қызметкерлердің эмоционалдық шаршауының алдын алу.
- Мереке қарсаңында моральдық – этикалық нормаларды бұзудың алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Әкімшілік басқармасы қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы БДБ бойынша ақпараттық қауіпсіздікке жауапты тұлға Е.Е. Ашимов баяндама жасады, интернеттегі алаяқтықтың негізгі түрлері, оның ішінде ықтимал тауекелдер мен қауіпсіздік шаралары жайлы айтылды. БДБ басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл С.М Шимгамбаев қызметкерлердің назарына егжей-тегжейлі және қолжетімді түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, қызметтік этика нормаларын, корпоративтік мінез-құлық, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1003403?lang=kk
Жауап қалдыру