
Абай облысының спортшылары халықаралық деңгейдегі сайыста топ жарды. Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы бокстан Азия чемпионатында облысымыздың қос аруы – Жанель Имантаева мен Ақнұр Тұрсынғали алтын медаль жеңіп алды.
Жарысқа Қазақстаннан 50-ге жуық спортшы қатысты. Жанель Имантаева 54 келі, ал Ақнұр Тұрсынғали 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалда қарсыластарын сенімді түрде жеңді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1002575?lang=kk

Жауап қалдыру